/KASE, 09.07.25/ Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы
2025 жылғы 08 шілдеде KASE-нің ресми тізімінің "Жеке орналастыру"
алаңына "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-тың (Астана) төмендегі
облигацияларын қосу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00014652 (IDFRpp1; 1 000 теңге, 35,0 млрд теңге; 5 жыл;
тоқсандық купон, жылдық 15,80%; 30/360);
2) KZ2C00014660 (IDFRpp2; 1 000 юань, 500,0 миллион юань; 5 жыл;
құбылмалы тоқсандық купон – үш айлық Shibor мөлшерлемесі + маржа
179 б.п.; actual/365).
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 09 шілдеден бастап күшіне
енді.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/listing/issuers/IDFR сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-07-09]