11 шілдеде KASE-де "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың 15,0 млн дана KZ2C00012102 (KFUSb84) облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

09.07.25 11:23
/KASE, 09.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 11 шілдеде KASE-нің сауда-саттық жүйесінде төменде көрсетілген талаптармен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың (Астана) KZ2C00012102 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb84) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық (Астана уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды. -------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00012102 KASE сауда-саттық коды: KFUSb84 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: - тіркелген: 15 000 000 000 - орналастырылған (номиналы бойынша): – Айналыс басталған күн: Облигация орналастыру үшін жүргізілген бірінші сауда-саттық өткізілетін күн Айналыста болатын соңғы күн: кейінірек белгіленеді Өтеу басталатын күн: кейінірек белгіленеді Айналыс мерзімі: 360 күн Купондық мөлшерлеме: жылдық 12,50% Купон төленетін кезең: Айналыс мерзімінің соңында 1 рет Купон төлеу басталатын күн: кейінірек белгіленеді Уақыттық базасы: 30 / 360 ----------------------------------------- -------------------------------------- Сауда-саттық өткізілетін күн: 11.07.25 Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 15 000 000 000 Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінім қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімді растау уақыты: 10:00–12:00 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлем жасалатын күн және уақыт: 11.07.25, 14:30 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесім бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты кесім бағасына тең немесе сатушы шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру үшін ұтымдырақ болатын тәсілі: қарсылама шектелімді өтінімдердің бағасы бойынша Берілген кезегіне байланысты қарсылама өтінімдерді қабылдау шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру уақыты бойынша тәсілі: Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Еуразиялық Капитал" АҚ -------------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде үтірден кейінгі төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнының пайызы түрінде көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны дана түрінде көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лот мөлшеріне тең немесе оған есе болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған пайызды есепке ала отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс. Сауда көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың табыстылығын және облигациялармен жасалатын мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысуды "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тағы шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға төлем жасау үшін кестеде көрсетілген ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтiнiм бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі https://kase.kz/ru/members/membership/all сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Осы облигацияларды шығару туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/investors/bonds/KFUSb84 сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-07-09]