"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі 1000 жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады

09.07.25 15:00
/KASE, 09.07.25/ - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі (KASE коды – TMJL) 2025 жылғы 30 маусымда жалғыз акционердің акцияларды сатып алудағы басым құқығын жүзеге асыру арқылы бір акция үшін 24 936 502 теңге бағамен 1 000 жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдады. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: https://kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjl_info_reshenie_sd_300625_1626.pdf [2025-07-09]