АҚШ Қаржы министрлігінің US912797LW51 (US145_2507) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

10.07.25 09:53
/KASE, 10.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 10 шілдеден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797LW51 ("мемлекеттік бағалы қағаздар” секторы, US145_2507; $48 584,0 млн; 11.07.24 – 10.07.25; actual/360) дисконттық халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Көрсетілген облигациялар 2024 жылғы 08 қарашадан бастап KASE ресми тізімінің “Мемлекеттік бағалы қағаздар” секторына қосылған. Олар бойынша сауда-саттық 2025 жылғы 06 ақпаннан бастап ашылған. [2025-07-10]