11 шілдеден бастап KASE-де бес атаудағы ETF-пен сауда-саттық уақытша тоқтатылады
10.07.25 14:41
/KASE, 10.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 11 шілдеден
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша келесі ETF-пен сауда-саттық
уақытша тоқтатылатынын хабарлайды, олар бойынша есеп айырысу 2025
жылғы 01 тамызда және одан кейінгі күндері жүргізіледі:
1) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $
Investment Grade Corporate Bond ETF;
2) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High
Yield Corporate Bond ETF;
3) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year
Investment Grade Corporate Bond ETF;
4) US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) SPDR Bloomberg
Barclays 1-3 Month T-Bill ETF;
5) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin
Strategy ETF.
Сауда-саттық KASE-де 2025 жылғы 01 тамызда көрсетілген бағалы қағаздар
бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге
асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12)
тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылғы 04
тамыздан бастап қайта басталады.
[2025-07-10]