/KASE, 10.07.25/ – Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 08 шілдеде
Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00001301
(MUM096_0015) ұзақмерзімді мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың 2025 жылғы 10 шілдедегі
дерегіне сәйкес облигацияларды орналастыру жөніндегі мәмімелер
орындалған, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 23 255 007 980,7 теңге
болды.
KASE-нің "Қазақстан Қаржы министрлігі 08 шілдеде KASE-де жылдық
16,99% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі кірістілікпен 25,6 млн МЕУКАМ
KZKD00001301 (MUM096_0015) орналастырды" деген жаңалығы мына
сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/ru/information/news/show/1546678
[2025-07-10]