/KASE, 10.07.25/ – Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 08 шілдеде
Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00000790
(MUM180_0011) ұзақмерзімді мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың 2025 жылғы 10 шілдедегі
дерегіне сәйкес облигацияларды орналастыру жөніндегі мәмімелер
орындалған, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 66 393 727 108,9 теңге
болды.
KASE-нің "Қазақстан Қаржы министрлігі 08 шілдеде Қазақстан қор
биржасында өтеуге орташа сараланған жылдық 16,97% кірістілікпен 82,0
млн МЕУКАМ KZKD00000790 (MUM180_0011) орналастырды" деген
жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/ru/information/news/show/1546681
[2025-07-10]