11 шілдеден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912828V988 (US172_2702) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

11.07.25 10:00
/KASE, 11.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылғы 11 шілдеден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912828V988 (US172_2702; $65 821,0 млн; 15.02.17 – 15.02.27; жартыжылдық купон, жылдық 2,25%; actual/actual) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Бұл облигацияларды айналысқа шығарудың бастамашысы – "SQIF Capital" АҚ. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/listing/issuers/US_MF сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-07-11]