11 шілдеден бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдардың үш облигация шығарылымы енгізілді

11.07.25 12:40
/KASE, 11.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылғы 11 шілдеден бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдардың келесі облигациялары енгізілді: 1) Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000169 (1000 теңге, 1 335 291 000 теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360), сауда-саттық коды – ASK024_016; 2) Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000151 (1000 теңге, 7 820 108 000 теңге; 22 ай; жартыжылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360), сауда-саттық коды – ASK022_015; 3) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002228 (1000 теңге, 2 759 318 000 теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360), сауда-саттық коды – ZKK024_222. Көрсетілген облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жобаларындағы тұрғын үйлерді және/немесе пәтерлерді салуды, сатып алуды және өтеуді қаржыландыру мақсатында шығарылған. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/markets/government-securities сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-07-11]