/KASE, 11.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 14 шілдеде
KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" ЖШС-ның
KZ2P00013139 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb5)
облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен жазылу арқылы
бастапқы орналастыру (Астана уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізілген кезде, сатушы "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (бұдан әрі – Сатушы)
болады.
--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00013139
KASE сауда-саттық коды: MFBLb5
Номиналды құны, теңге: 1 000
Шығарылым көлемі, теңге:
- тіркелген: 1 000 000 000
- орналастырылған (номиналы бойынша): 600 000 000
Айналыс басталған күн: 19.06.25
Айналыста болатын соңғы күн: 18.06.28
Өтеу басталатын күн: 19.06.28
Айналыс мерзімі: 3 жыл (1 080 күн)
Купондық мөлшерлеме: жылдық 21,00%
Купон төленетін кезең: жылына 4 рет
Купон төлеу басталатын күн: жыл сайын 19 наурызда, 19 маусымда,
19 қыркүйекте
және 19 желтоқсанда
Уақыттық базасы: 30 / 360
--------------------------------------- -----------------------------------------
Жазылу жүргізілетін күн: 14.07.25
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 400 000 000
Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді
Өтінім қабылдау уақыты: 10:00–13:00
Бір облигацияның бағасы, теңге 1 000
Мәміле жасалған күн мен уақыт: 14.07.25, 15:00
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 14.07.25, 15:00
---------------------------------------------------------------------------------
Осы жазылым шарттарына сәйкес аталған облигацияларды Сатушының
назарына ашып көрсетілетін инвестор туралы қосымша ақпараттың тізіміне
төмендегі ақпарат кіреді:
1) жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның
атауы;
2) Жеке адамның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.
Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері
арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген
мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/ru/members/membership/all
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.
Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша
жарияланған:
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFBLb5 сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-07-11]