14 шілдеден бастап KASE-де "KEGOC" АҚ-тың KZ2C00007797 (KEGCb4) облигацияларымен сауда-саттық қайта жалғасады

11.07.25 16:34
/KASE, 11.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 11 шілдеден бастап KASE-де "KEGOC" АҚ-тың KZ2C00007797 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KEGCb4) облигацияларымен сауда-саттық қайта басталатынын хабарлайды. Бұл облигациялар бойынша сауда-саттық KASE-нің Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 2 мамырда тіркеген өзгерістер енгізілген облигациялар шығарылымының проспектісін алуына байланысты қайта жалғасты, оған сәйкес облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты пайдалану мақсаты нақтыланды. KASE-де олар бойынша сауда-саттық 2025 жылғы 11 наурыздан бастап ашылған. [2025-07-11]