/KASE, 14.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
15 шілдесінен бастап "ТССП Групп" ЖШС KZ2P00008113 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, TSSPb1; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге;
10.07.25-10.07.28; тоқсандық купон, жылдық 18,00%; 30/360)
облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/TSSPb1
[2025-07-14]