/KASE, 15.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және
индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылдың
15 шілдесіндегі шешімімен "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын
есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес
2025 жылдың 05 тамызынан бастап KASE индексін есептеу үшін
акциялардың өкілдік тізімі анықталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі –
тізім).
Көрсетілген шешімге сәйкес 2025 жылдың 05 тамызынан бастап KASE
индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.
------------------------------------------------------------------------
Акцияның ---- --------- ------
# п/п коды ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі*
----- -------- ------------ ---------------------- ---- --------- ------
1 AIRA KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ 42,0 1,0000000 5,8
2 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 37,0 1,0000000 12,0
3 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,2 0,2735102 15,3
банкі" АҚ
4 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 1,0000000 12,2
5 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ 14,5 1,0000000 3,1
6 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК " АҚ 2,6 1,0000000 14,1
7 KSPI KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ 31,7 0,0926374 13,7
8 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" 25,0 0,2264991 17,7
ҰАК" АҚ
9 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 19,2 1,0000000 4,4
10 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 1,7
------------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, үлес параметрлері 2025 жылдың 01 шілдесінде көрсетілген. Комитет
шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2025 жылдың 05 тамызының басындағы
Fi, Ri параметрлері, үлесі 2025 жылдың 01 шілдесіндегі акциялардың
ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта
есептелетін болады.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.
Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.
Ri – шектеу коэффициенті ם әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін
0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет
01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай
бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.
Fi – 01.04.25 ж. жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санының,
KASE 14.07.25 ж.б. тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір
атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri
коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.
Үлесі – KASE Индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы
акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы
акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2025-07-15]