15 шілдеден бастап "Шұбаркөл Көмір" АҚ-ның KZ1C00000124 (SHUK) жай және KZ1P00000137 (SHUKp) артықшылықты акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды

15.07.25 15:20
/KASE, 15.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2025 жылдың 14 шілдесіндегі шешімімен KASE ресми тізімінен "Шұбаркөл Көмір" АҚ-ның мынадай акциялары KASE ресми тізімінен алынып тасталды: - KZ1C00000124 жай акциялары (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, SHUK); - KZ1P00000137 артықшлықты акциялары (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, SHUKp). Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бұл шешім "Шұбаркөл Көмір" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар 2018 жылдың 20 қарашасынан бастап негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда- саттық ашылған жоқ. [2025-07-15]