/KASE, 16.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылғы 14 шілдеде "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС (Шымкент)
келесі облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2P00014434 (MFACb3; 1 000 теңге, 1,8 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы
купон, жылдық 20,00 %; 30/360);
- KZ2P00014426 (MFACb4; 1 000 теңге, 1,7 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 21,00 %; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылғы 16 шілдеден бастап күшіне
енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2023 жылдың 09 қазанында
5,0 млрд теңге сомасында тіркелген "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС бірінші
облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші және үшінші болып
табылады.
"Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит"АҚ
еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFAC
[2025-07-16]