16 шілдеден бастап "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00014442 (MFTFb6) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

16.07.25 14:55
/KASE, 16.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 14 шілдесінде "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00014442 (MFTFb6; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 4 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы 2023 жылдың 11 сәуірінде тіркелген 100,0 млрд теңге сомасына "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бесінші болып табылады. "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFTFb6 [2025-07-16]