17 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "Asia Bell" ЖШС KZ2P00014293 (ASBLb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

16.07.25 16:23
/KASE, 16.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17 шілдесінен бастап "Asia Bell" ЖШС KZ2P00014293 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ASBLb1; 1 000 теңге, 200,0 млн теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,25%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратмына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ASBLb1 [2025-07-16]