18 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымымен сауда саттық тоқтатылады
17.07.25 14:48
/KASE, 17.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
18 шілдесінден бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің
келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылатынын хабарлайды:
1) US91282CKB62 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US149_2602),
есеп айырысу күні 2025 жылдың 30 тамызына және одан кейінгі
күндерге сәйкес келетін сауда-саттық 2025 жылдың 02 қыркүйегінен
бастап қайта басталады;
2) US91282CJV46 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US150_2601),
есеп айырысу күні 2025 жылғы 30 шілдесіне және одан кейінгі күндерге
сәйкес келетін сауда-саттық 2025 жылғы 01 тамызынан бастап қайта
басталады.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-07-17]