/KASE, 21.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
21 шілдесінен бастап "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ
KZ000A1CTMD1 (KASE баламалы алаңы, "акциялар"секторы, AZNO) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғаны туралы
хабарлайды.
Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2025 жылдың 04 наурызынан
бастап тоқтатылды.
Аталған акциялармен сауда-саттық "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ-
ның миноритарлық акционерден 767 акцияны сатып алғаннан кейін оның ірі
акционері қоғамның жалғыз акционері болғандығы туралы хабарламасы
негізінде қайта басталды.
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2025 жылдың 04 наурызындағы
"04 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Ақтөбе мұнай
жабдықтары зауыты" АҚ KZ000A1CTMD1 (AZNO) жай акцияларымен сауда-
саттық тоқтатыла тұрады" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған –
https://kase.kz/ru/information/news/show/1538460
[2025-07-21]