Анонс: 15 қыркүйекте "Эйр Астана" АҚ Лондон қор биржасында Capital Markets Day 2025 өткізеді

22.07.25 15:01
/KASE, 22.07.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылғы 15 қыркүйек, дүйсенбі күні, сағат 09:00 BST-де (Британ жазғы уақыты) Лондон қор биржасында инвесторлар мен талдаушыларға арналған Capital Markets Day іс-шарасын өткізеді. Іс-шараны Бас атқарушы директор Питер Фостер жүргізеді. Сонымен қатар, Топтың аға басшылығы мен операциялық менеджменті бірқатар таныстырылымдар өткізеді. Кездесу аясында Топтың өсу стратегиясы, нарықтағы орны, IPO-дан кейінгі кезеңдегі операциялық және қаржылық нәтижелері жан-жақты таныстырылады. Іс-шара бағдарламасы кейінірек хабарланады. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__220725_kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_220725_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__220725_en.pdf [2025-07-22]