/KASE, 22.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан
16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелерін (МЕУКАМ) қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда (Астана
қ.уақыты) өткізілетінін хабарлайды.
-----------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды: MUM192_0001
Бағалы қағаздардың түрі: МЕУКАМ
ISIN: KZKD00000477
Номиналды құны, теңге: 1 000
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: 119 245 493
Айналысқа жіберу күні: 19.10.11
Айналыста болудың соңғы күні: 18.10.27
Өтеу күні: 19.10.27
Айналыста болу мерзімі: 16 жыл (5 760 күн)
Купондық мөлшерлеме, жылдық %: 5,30
Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет
Купон төлемдерін бастау күндері: жыл сайын 19 қазанда
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------------------ ----------------------------
Сауда-саттық күні: 22.07.25
Өтеуге дейін мерзімі: 2,2 жыл (807 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 40 000
Сауда-саттық мәні: "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00
Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00
Кесім уақыты: 17:00-ге дейін (Т+0)
Төлеу күні: 24.07.25
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді бағаға тең немесе
сатушы үшін ұтымдырақ
болатын қарсылама шектелімді
өтінімдердің бағасы бойынша
-----------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза"
(жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.
Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша
жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде
көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ
(Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша
шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін
жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-
саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер
қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған
жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Қағидалардың мәтіні
http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf сілтемесі
бойынша жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару,
орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу
қағидалары
http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат
https://kase.kz/kz/investors/gsecs/MUM192_0001 сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2025-07-22]