/KASE, 22.07.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың
24 шілдесінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(МЕУКАМ) KZKD00000964 (MUM156_0006) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 44 979 337 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 69,8415 % (кірістілік – жылдық 16,99 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдың 70,0448 % құрады (кірістілік – жылдық 16,92 %)
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 шілдеде болатын және
өтелгенге дейінгі мерзімі 5,8 жыл МЕУКАМ KZKD00000964 (MUM156_0006)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/information/news/show/1547476
[2025-07-22]