/KASE, 23.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 21 шілдесінде "Сейф-Ломбард" ЖШС-нің келесі
облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2P00014491 (MFSLb11; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 1,5 жыл;
тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360);
2) KZ2P00014566 (MFSLb12; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 21,00 %; 30/360);
3) KZ2P00014574 (MFSLb13; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2,5 жыл;
тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 шілдесінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 100,0 млрд теңге сомасына
2024 жылдың 19 шілдесінде тіркелген "Сейф–Ломбард" ЖШС бірінші
облигациялық бағдарламасы шеңберінде бесінші-жетінші болып табылады.
"Сейф-Ломбард" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес
ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFSL
[2025-07-23]