/KASE, 23.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 21 шілдесінде "R-Finance "микроқаржы ұйымы"
ЖШС KZ2P00014822 (MFRFb20; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай
сайынғы купон, жылдық 19,00%; 30/360) облигацияларын баламалы
алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 шілдесінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFRFb20
[2025-07-23]