24 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00014780 (CLSGb7) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

23.07.25 14:46
/KASE, 23.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 24 шілдесінен бастап "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00014780 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, CLSGb7; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 180 күн; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат сілтеме мына бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/CLSGb7 [2025-07-23]