/KASE, 23.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
24 шілдесінен бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00013998
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb18; 1 000 теңге,
3,0 млрд теңге; 22.07.25-22.07.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %;
30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFRFb18
[2025-07-23]