/KASE, 23.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 23 шілдесінде "R-Finance" микроқаржы
ұйымы" ЖШС KZ2P00014723 (MFRFb21; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2 жыл;
ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360)
облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 шілдесінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 04 шілдесінде 30,0 млрд
теңге сомасына тіркелген "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС екінші
облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFRFb21
[2025-07-23]