24 шілдеден бастап "МК-Алтын Ломбард" ЖШС KZ2P00014624 (MFZLpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

24.07.25 11:57
/KASE, 24.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 21 шілдесінде "МК-Алтын Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00014624 (MFZLpp1; 1,0 млн теңге, 10,0 млрд теңге; 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 24 шілдесінен бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFZLpp1 [2025-07-24]