2025 ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗЫНДА KASE САУДА-САТТЫҚ РЕГЛАМЕНТІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛМЕЙДІ

24.07.25 14:23
/KASE, 24.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2025 жылғы тамызда KASE корреспондент-банктерінде жұмыс істемейтін күндердің болмауына байланысты KASE-дегі сауда-саттық регламентіне өзгерістер енгізілмейтінін хабарлайды. Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf [2025-07-24]