24 шілдеден бастап "МеталлИнвестАтырау" ЖШС KZ2P00014160 (MIATb2) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

24.07.25 14:36
/KASE, 24.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 23 шілдесінде "МеталлИнвестАтырау" ЖШС KZ2P00014160 (MIATb2; $100; $2,5 млн; 3 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 24 шілдесінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 20 мамырында 20,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген "МеталлИнвестАтырау" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. "МеталлИнвестАтырау" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Teniz Capital Investment Banking" АҚ болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MIATb2 [2025-07-24]