28 шілде күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 шілдеде болатын, өтеуге дейін мерзімі 4,0 жыл МЕТИСКАМ KZKF00000012 (MTC048_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтеді

25.07.25 10:30
/KASE, 25.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 шілдесінде KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық Tonia Compounded Index индексіне индекстелген (TONIA TCI) міндеттемелерін (МЕТИСКАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақыты) өткізілетінін хабарлайды. ----------------------------------------------------------------------------- KASE сауда-саттық коды: MTC048_0001 Бағалы қағаздардың түрі: МЕТИСКАМ ISIN: KZKF00000012 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: – Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу күні Айналымның соңғы күні кейінірек анықталады Өтеу күні: кейінірек анықталады Айналым мерзімі: 4 жыл (1 460 күн) Купондық мөлшерлеме: тиянақталған купон + TONIA TCI Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні кейінірек анықталады Уақыттық базасы: actual / 365 --------------------------------------------- ------------------------------- Сауда-саттық күні: 28.07.25 Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 60 000,0 Сауда-саттық мәні: тиянақталған купон мәні Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру нарықтық сұранысқа байланысты дәрежесі,%*: 0-ден 100-ге дейін Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–12:00 Кесім күні және уақыты: 28.07.25, 15:00 Төлеу күні: 30.07.25 Қарсылама шектелімді өтінімдерді қарсылама өтінімдердің қанағатандыру тәсілі: көлеміне пропорционалды Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасы бойынша Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасы бойынша ----------------------------------------------------------------------------- *Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағидаға сәйкес нарықтық өтінімдерді беру сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа қатысушы шектелімді өтінімдерді бергеннен кейін ғана мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда- саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдердің рұқсат етілген пайызы бұзылса, шектелімді өтінімді алып тастауға тыйым салынады. Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып). Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Қағидалардың мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу қағидалары http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-07-25]