28 шілдеден бастап "Asia Bell" ЖШС KZ2P00014293 (ASBLb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
25.07.25 14:34
/KASE, 25.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
28 шілдесінен бастап "Asia Bell" ЖШС KZ2P00014293 (KASE баламалы
алаңы, "облигациялар" санаты, ASBLb1; 1 000 теңге, 200,0 млн теңге;
21.07.25 – 21.07.28; тоқсандық купон, жылдық 20,25%; 30/360)
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылатынын хабарлайды
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-07-25]