28 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

25.07.25 15:10
/KASE, 25.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 шілдесінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды: 1) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) American Electric Power Company, Inc. (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 08 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 11 тамызынан бастап қайта басталады; 2) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) IBM corp. (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 08 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 11 тамызынан бастап қайта басталады; 3) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) Bank of America Corporation (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 05 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 08 қыркүйегінен бастап қайта басталады. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. [2025-07-25]