/KASE, 28.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
28 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар
нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік
тізімнен "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00006864 (BRKZb19)
облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты
алып тастады (28 шілде – өтеу кезінде тіркелген күні).
2025 жылдың 28 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының
өкілдік тізімі 65 атаулы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке
алмағандағы бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар
бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланды
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2025-07-28]