29 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы бағалы
қағаздарымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
28.07.25 15:10
/KASE, 28.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
29 шілдесінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы
қағаздарымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 жай акциялары ("KASE Global"
секторы, NEM_KZ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 04 қыркүйегіне және
одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 08
қыркүйегінен бастап қайта басталады;
2) ALPHABET INC. (АҚШ) US02079K1079 жай акциялары ("KASE Global"
секторы, GOOG_KZ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 08 қыркүйегіне
және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың
10 қыркүйегінен бастап қайта басталады;
3) Invesco QQQ Trust, Series 1, (АҚШ) ETF US46090E1038 ("KASE Global"
секторы, QQQ_KZ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 22 қыркүйегіне
және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың
24 қыркүйегінен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
көрсетілген бағалы қағаздары бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-07-28]