Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 шілдеде болатын, өтеуге дейін мерзімі 4,0 жыл МЕТИСКАМ KZKF00000012 (MTC048_0001) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

28.07.25 15:19
/KASE, 28.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық Tonia Compounded Index индексіне индекстелген (TONIA TCI) міндеттемелерін (МЕТИСКАМ) қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда өткізілетінін хабарлайды (Астана қ. уақыты). ---------------------------------------------------------------------------------- KASE сауда-саттық коды: MTC048_0001 Бағалы қағаздардың түрі: МЕТИСКАМ ISIN: KZKF00000012 Номиналды құны, теңге: 1 000 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: – Айналымның басталу күні: 30.07.25 Айналымның соңғы күні 29.07.29 Өтеу күні: 30.07.29 Айналым мерзімі: 4 жыл (1 460 күн) Купондық мөлшерлеме: тиянақталған купон + TONIA TCI Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні жыл сайын 30 қаңтар мен 30 шілде Уақыттық базасы: actual / 365 ------------------------------------------------ --------------------------------- Сауда-саттық өткізілетін күн: 28.07.25 Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 25 000,0 Сауда-саттық заты: "таза" баға Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00 Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00 Кесім уақыты: 17:00 дейін (Т+0) Төлем жасалатын күн: 30.07.25 Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру кесімдеу бағасына тең немесе әдісі: сатушы үшін неғұрлым тиімді болып табылатын, шектелген қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша ---------------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып). Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. [2025-07-28]