/KASE, 28.07.25, сауда саттықты өткізу бастамашысы жариялаған
орналастыру көлемі өзгертілді/ – Қазақстан қор биржасы (KASE)
2025 жылдың 30 шілдесінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстандық
тұрақтылық қоры" АҚ (Алматы) KZ2P00014434 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, MFACb3) облигацияларын төменде келтірілген
шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигации
ISIN: KZ2P00014434
KASE сауда-саттық коды: MFACb3
Номиналды құны, теңге: 1 000
Шығару көлемі, теңге:
– тіркелген: 1 800 000 000
– орналастырылған: –
Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықты өткізу күні
Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Өтінім беру мерзімі: 2 жыл (720 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 20,00 %
Купондарды төлеу мерзімділігі: ай сайын
Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады
Уақыттық база: 30 / 360
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні: 30.07.25
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 500 000 000
Лот мөлшері, дана.: 1
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:30
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:30
Кесімдеу уақыты: 14:00 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты: 30.07.25, 14:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ
--------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың
саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең
немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланған
http://kase.kz/ru/membership
Бағалы қағаздарға жазылу ережесі мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFACb3
[2025-07-28]