KASE 2025 ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

29.07.25 12:12
/KASE, 29.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге айналымға жіберілгендер қатарынан 2025 жылдың тамызына арналған инвестициялық қорлар акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылдың 23 шілдесіндегі шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2025 жылдың 01-31 тамызы аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 75 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2025 жылдың шілдесінде құрылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 1) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000025 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe); 2) Invesco Water Resources ETF US46137V1420 ETF ("KASE Global" секторы, PHO_KZ); 3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруымен "Қазынашылық" ашық инвестициялық пай қоры (АИПҚ) KZPF00000280 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECtf); 4) SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 жай акциялары ("KASE Global" секторы, CRM_KZ); 5) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 жай акциялары ("KASE Global" секторы, XOM_KZ); 6) "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "BCC Elit" ИИПҚ - "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымының KZPF00000553 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIbe); 7) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИИПҚ KZPF00000140 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc). 2025 жылдың шілдесіне құрылған өтімділіктің бірінші класты тізімінен Johnson & Johnson US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акциялары шығарылды. 2025 жылдың тамызына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_aug.pdf 2025 жылдың шілдесіне арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_jul.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2025-07-29]