"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ акционерлері қоғамның 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті

29.07.25 12:29
/KASE, 29.07.25/ – "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (KASE тикері – UTMK) 2025 жылдың 25 шілдесінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - қоғамның таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін: - 53 955 мың теңге – дивидендтерге; - 1 291 354 мың теңге – техникалық қайта жарақтандыруға, ғылыми- зерттеу жұмыстарына және негізгі құралдарды сатып алуға инвестицияларға. Акционерлердің жалпы жиналысында жиналыстың күн тәртібіндегі жеті мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmk_special_shareholders_meeting_results_250725_1628.PDF [2025-07-29]