14 тамызға тағайындалған "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы хабарлама

29.07.25 14:41
/KASE, 29.07.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2025 жылдың 14 тамызына тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінің толықтырылғаны туралы хабарлайды. Толықтыруларды ескере отырып, жиналыстың күн тәртібі: 1) Банктің Есеп комиссиясы мүшелерінің санын, өкілеттік мерзімін белгілеу және мүшелерін сайлау туралы; 2) Базалық активі жай акциялар болып табылатын, акциялардың және жаһандық депозитарлық қолхаттардың, оларды "ForteBank" АҚ сатып алған кездегі құнын анықтау әдістемесіне енгізілетін түзетулерді бекіту туралы; 3) "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (26.06.2025 ж., отырыс № 23 хаттамасы) сәйкес, "ForteBank" АҚ және PPF Financial Holdings a.s. ("Home Credit Bank" АҚ-қа қатысты), Jiří Šmejc (сонымен қатар "Home Credit Bank" АҚ қатысты), Home Credit N.V. (HomeITTech ЖШС-ға қатысты), Home Credit International a.s. ("HomeITTech" ЖШС-ға қатысты) арасында 2025 жылғы 27 маусымда жасалған Акцияларды сатып алу- сату және жарғылық капиталына үлестік қатысу шартына сәйкес, "ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ-тың (ISIN KZ1C00009133), "Home Credit Bank" АҚ шығарылған және дауыс беретін акцияларының 100%-ін құрайтын 34 890 акциясын сатып алғаннан кейін, "Home Credit Bank" АҚ (БСН 930540000147) "ForteBank" АҚ-қа қосылу нысанында "ForteBank" АҚ-ты ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы; 4) "Home Credit Bank" АҚ-тың (БСН 930540000147) "ForteBank" АҚ-қа Қосылуы туралы шарт жобасын келісу туралы. Осы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_290725_1.pdf [2025-07-29]