/KACC, 30.07.25/ – KASE клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер
жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 31 шілдесінен бастап жартылай
қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жол берілген
қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) "Бәйтерек "Ұлттық
басқарушы холдинг" АҚ KZ2C00014520 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, BTRKb27) облигациялары енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2025-07-30]