30 шілде күні Қазақстан қор биржасында бес облыс әкімдіктері 9,4 млрд теңге тартты
30.07.25 17:26
/KASE, 30.07.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының бес
шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі
облигациялар орналастырылды:
1) Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000169
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, ASK024_016, 1 000 теңге,
1 335 291 000 теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %;
30/360) 1,3 млрд теңгеге;
2) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002111
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, KSK024_211; 1 000 теңге,
11 335 671 000 теңге; 18.04.25 – 18.04.27; жартыжылдық купон, жылдық
0,35 %; 30/360) 2,7 млрд теңгеге;
3) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002145
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, AIK024_214; 1 000 теңге,
5 790 410 000 теңге; 27.05.25 – 27.05.27; жартыжылдық купон, жылдық
0,35 %; 30/360) 1,6 млрд теңгеге;
4) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002160
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, KOK024_216; 1 000 теңге,
10 484 345 000 теңге; 14.05.25 – 14.05.27; жартыжылдық купон, жылдық
0,35 %; 30/360) 2,6 млрд теңгеге;
5) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMJ00002186 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, VKK024_218;
1 000 теңге, 6 861 546 000 теңге; 27.05.25 – 27.05.27; жартыжылдық
купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1,2 млрд теңгеге.
Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
объектілеріндегі тұрғын үйді және/немесе пәтерлерді сатып алуды, кері
сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылған.
[2025-07-30]