/KASE, 30.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 29 шілдесінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
мынадай облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00014546 (BRKZb44; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл;
жартыжылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады;
30/360);
2) KZ2C00014553 (BRKZb45; 1 000 теңге, 80,0 млрд теңге; 3 жыл;
жартыжылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады;
30/360).
Листингтік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 30 шілдесінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2020 жылдың 24 маусымында
500,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ жетінші
облигациялық бағдарламасы шегінде сегізінші және тоғызыншы болып
табылады.
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық
Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/listing/issuers/BRKZ
[2025-07-30]