30 шілдеден бастап "Скулбас" ЖШС KZ2P00014798 (SCLBb2) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

30.07.25 18:02
/KASE, 30.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 29 шілдесінде "Скулбас" ЖШС (Астана) KZ2P00014798 (SCLBb2; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 30 шілдесінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 10 қаңтарында 5,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Скулбас" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады. " Скулбас" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Standard инвестициялық компаниясы" АҚ болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/SCLBb2 [2025-07-30]