Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының сегіз шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

31.07.25 10:10
/KASE, 31.07.25/ – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі: 1) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002343 (1 000 теңге, 1 241 560 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,20 %; 30/360) 475 852 данасы; 2) Алматы облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002335 (1 000 теңге, 803 466 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,20 %; 30/360180 000 данасы; 3) Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002244 (1 000 теңге, 13 338 507 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,20 %; 30/360) 1 783 310 данасы; 4) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002368 (1 000 теңге, 30 043 686 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,20 %; 30/360) 4 502 857 данасы; 5) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002350 (1 000 теңге, 4 789 760 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,20 %; 30/360) 1 770 000 данасы; 6) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002301 (1 000 теңге, 3 341 210 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,20 %; 30/360) 1 780 026 данасы; 7) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002376 (1 000 теңге, 1 281 605 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,20 %; 30/360) 695 701 данасы; 8) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002327 (1 000 теңге, 37 236 187 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,20 %; 30/360) 20 371 252 данасы. Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/markets/government-securities [2025-07-31]