/KASE, 31.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2025 жылдың 01 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің
"Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына
Еуразиялық даму банкінің мынадай дисконттық облигациялары енгізілетін
болады:
- KZ2D00014966 (EABRb55; 1 000 рубль, 10,0 млрд рубль; 30 күн;
actual/365);
- KZ2D00014982 (EABRb56; 1 юань, 100,0 млн юань; 90 күн; actual/365).
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/listing/issuers/EABR
[2025-07-31]