"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ акциялары мен акционерлері туралы 2025 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша мәліметтер
31.07.25 15:46
/KASE, 31.07.25/ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ акциялары мен
акционерлері туралы 2025 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша мәліметтер:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 27 962 244 дана;
- компанияның 27 812 244 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2025-07-31]