01 тамыздан бастап "МеталлИнвестАтырау" ЖШС KZ2P00014160 (MIATb2) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
31.07.25 15:58
/KASE, 31.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 01 тамызынан
бастап "МеталлИнвестАтырау" ЖШС KZ2P00014160 (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, MIATb2; $100; $2,5 млн; 30.07.25 – 30.07.28;
жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигациялары "таза бағамен"
сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ
доллары.
[2025-07-31]