KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының шілде айындағы Қазақстанның өңдеуші салаларының PMI шолуын жариялады

01.08.25 15:10
/KASE, 01.08.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2025 жылдың шілдедегі Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды. Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100 % еншілес компаниясы) Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірлері келтірілген. "Шілдедегі PMI деректері Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде айқпас түйткілдер бар екенін білдіреді. Сұраныс бәсеңдесе де, компаниялар клиенттік базасын кеңейту арқылы бейімделгіштігін танытып отыр. Әсіресе импортқа тәуелді секторлар үшін теңгенің құнсыздануы өндірістік шығын инфляциясын күшейтті, бұл жеткізу тізбегін әртараптандыру маңызды екенін тағы да көрсетті. Үкіметтің қолдауы – әсіресе жоғары қосылған құны бар өндірісті дамытуға бағытталған шаралар – жүйелі нәтижелер бере қойған жоқ, бірақ ұзақ мерзімді өсу әлеуетін сақтап отыр. Алдағы жылдан күтетін үміт бәсеңдегенімен, жалпы іскери көңіл-күй салыстырмалы түрде орнықты қалпында қалды". Қазақ тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_KAZ_2507_PR_33d9d20989.pdf Орыс тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_RUS_2507_PR_9a1b46f97b.pdf Ағылшын тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_ENG_2507_PR_e2e23efe63.pdf [2025-08-01]