01 тамыздан бастап валюта нарығындағы сауда саттықтың биржадан тыс тәртіптемесін қосуға байланысты KASE ішкі құжаттарының бірқатарына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

01.08.25 15:19
/KASE, 01.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 31 шілдесіндегі және KASE Басқармасының 2025 жылдың 15 шілдесіндегі шешімдерімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді: 1) Биржаның сауда-саттық жүйелеріне қол жеткізуді ұсыну ережелеріне № 4 толықтыру мен өзгертулер; 2) Валюта нарығындағы сауда-саттық тәртіптемелері туралы қағидаға № 3 өзгертулер мен толықтыру; 3) "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 15 өзгертулер. Түзетулер 2025 жылдың 01 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Түзетулер сауда-саттықтың жаңа режимі – валюта нарығындағы сауда- саттықтың биржадан тыс тәртіптемесінің қосылуына байланысты енгізілді. Бұл режим NTPRO электрондық сауда-саттық алаңын ASTS+ (валюта нарығы) сауда-клирингілік жүйесімен интеграциялау есебінен пайдалана отырып жасалған шетел валютасымен биржадан тыс мәмілелерге пост- трейдингілік қызмет көрсетуге арналған. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- ресурсында сілтеме бойынша жарияланады http://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық"). [2025-08-01]